Жаңалықтар

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн

29.08.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымының FАлматыдағы жаңа ғимаратында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараны Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе отырып ұйымдастырған.

Еске сала кетейік, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күні елбасының бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясының 64-сессиясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыыл күні ретінде бекітілді. БҰҰ Бас ассамлеясы, БҰҰ-ны, әлем мемлекеттерін, үкіметаралық және үкметтік емес ұйымдарды жер шарындағы ядролық сынақтарды тоқтату үшін күш салуға шақырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – елдің жас ұрпақтарын белсенді тарту арқылы халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты дамыту. Жиынның алғашқы сөзін БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі Властимил Самек бастады. Кейінгі сөз кезегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұңғыш проректоры Мұхамбеткали Мырзабайұлы Бүркітбаевқа берілді. Дөңгелек үстелде өткізілген шараның нақты мақсаты мен болашаққа құрылған жоспарлары жайлы және ғаламдық проблемалар жайлы өткізіліп тұратын халықаралық шаралар туралы қысқаша видеороликтер мен презентациялар көрсетілді.

Спикерлер қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, БҰҰ Қазақстандағы Глобалды Коммуникация департаментінің өкілі В.Самек, ҚР СІМ өкілдігінің Алматы қаласындағы басшысы Е.У.Искаков, Сыртқы істер Экс-министрі, БҰҰ бірінші және тұрақты өкілі, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, профессор, А.Х.Арыстанбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың орталығының директоры, профессор Қ.И.Байзакова.

А.Х.Арыстанбекова ханым көпшіліктің назарына өзі дайындап келген материалын ұсынып, сөз сөйледі. Жасаған баяндамасында ҚР 1996 жылы 30 қыркүйегінде ядролық сынақ алаңын жұмыс тоқтатуы жайлы жарлыққа қол қойылғанын, ядролық сынақ алаңының жабылу тарихына тоқталып, мемлекетіміздің бүгінге дейін жасаған ерең еңбектері хақында да сөз қозғады. Сонымен қатар, дөңгелек үстел тақырыбына байланысты видеоматериалдар ұсынды. Конференция соңында келген қонақтар арасында сауалнама жүргізіліп, студенттер мен жиынға қатысушылар конференция ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жаудырды. Алдағы уақытта мұндай шаралар жиі орын алатынын және де БҰҰ біздің университетіміз бірлесе отыра біраз конференциялардың жоспарын түзді.

www.kaznu.kz