- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Халықаралық жазғы мектеп
31.08.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары энергия физикасы және жылдамдату техникасы бойынша «Introduction to High Energy and Accelerator Physics» халықаралық жазғы мектебі өтті. Оның жұмысына АҚШ,РФ, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстаннан келген ядролық физика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстан мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасындағы өткен жылы қол қойылған халықаралық келісімнің арқасында ұйымдастырылып отыр. CERN профессоры Кристофер Шайфердің пікірінше, бұл маңызды қадам Қазақстанның жас ғалымдары үшін өзара байланыс арқылы үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. «CERN инженерлерді қажет етеді, сондықтан зерттеу тәжірибелік жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар білім беру теориялық қызметімен айналысады, жазғы мектептерге қатысады, семинарлар мен тренингтер өткізеді. Қазіргі күні ҚазҰУ-дың көптеген студенттері бізде білім алуда және олардың білім деңгейі әлемнің көптеген жетекші университеттерімен бәсекелесе алады".
Аталмыш жазғы мектеп төртінші рет өткізіліп, оған ҚазҰУ және басқа да университеттердің елу жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Бұған дейін Астанада және Ресейде өткізілді. Ал биыл ол 26-31 тамыз аралығында өтті.
Оқытудың негізгі мақсаты, студенттерді жоғары энергия мен ядролық физиканың бағыттары туралы таныстыру.
ҚазҰУ-дың жас ғалымдары Дубнада (РФ) 10 жыл бойы білім алуда. 200-ден астам студент қос диплом бойынша оқыды. Және Қазақстан жоғары білікті отандық кадрларға мүдделі. CERN ядролық физика бойынша дүниежүзілік ғылыми орталық болып табылады және оның басты мақсаты әлемнің орналасуын зерттеу, оның эволюциясының кезеңдерін көрсету
ҚазҰУ профессоры және ядролық физика институты директорының орынбасары Насрулла Бүркебаевтың айтуынша, «CERN жобалары бүгінгі күні бүкіл әлем үшін аса өзекті және осы жаңашылдықтардың көмегімен ел экономикасына жедел қарқынмен енгізілетін көптеген жаңа технологиялар пайда болады»
Жазғы мектеп лекторларының бірі Emmanuel Tsesmelis профессоры ҚазҰУ-да жазғы мектеп түрлі елдердің ғалымдары арасында коллаборацияға тағы бір мүмкіндік беретіндігін атап өтті. «Бұл мектептің өте маңызды сәті, CERN-да өткізілетін физика саласындағы қарапайым зерттеулер жиынтығын жас ғалымдарға жеткізу. Сондай-ақ ҚазҰУ және Ядролық физика институтымен де ғылыми қарым-қатынасты жақсарту өте жемісті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді». Аталмыш бағыттағы алғашқы қадам Қазақстан мен CERN арасындағы ғылыми ынтымақтастық туралы шартқа қол қою болды.
Қатысушылар атап өткендей, бұл іс-шара ТМД мемлекеттерінің CERN-мен ғылым және техника саласындағы интеграциялық байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға, сондай-ақ жаңа формациядағы жоғары білікті кадрларды даярлауға елеулі үлес қосады.