Жаңалықтар

Халықаралық Жапон Қорындағы кәсіби дайындық курсы

09.09.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімі оқытушысы Ерлан Абдиұлы Ахапов халықаралық Жапон Қоры Жапон Тілі Институтының шақыруымен XXI ғасыр дағдылары атты үш апталық кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған арнайы тренингтен өту мүмкіндігін алды.

 Халықаралық Жапон Қоры (The Japan Foundation) жыл сайын арнайы бағдарламалары арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен үздік жапон тілі мамандарын және Жапонияны зерттеумен айналысатын жетекші зерттеуші мамандарға гранттар бөліп, тренинг бағдарламаларға шақырып отырады.

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімі доцент м.а. Рh.D. Ерлан Ахапов Халықаралық Жапон Қоры Урава Жапон Тілі Институтының (Japanese-language Institute Urawa) 2019-2020 жылы шетелдік жапон тілі мамандарына арналған арнайы бағдарлама XXI ғасыр дағдыларына (2019-2020 Training program for Teachers of Japanese language on a specific Theme 1: 21 Century skills) қатысып қайтты.

XXI ғасыр дағдылары - ХХІ ғасырда талап етілетін, яғни сандық ғасырдағы ATC21 халықаралық ұйымы талап ететін сауаттылық. Кейде ХХІ ғасырдың қабілеті немесе дағдылары деп аталады. Төртінші индустриалды революция қарсаңында цифрлық қоғамға бейімделу үшін дайындық кезінде студенттердің игеруі қажет дағдыларды да қамтиды. Әсіресе, келесі тәсілдерді: ойлау, жұмыс, қоғамдық өмірде бейімделу тәрізді дағдыларды жетілдіруге бағытталған. Мысалы, ойлау тәсілінің сыни тұрғыдан ойлау, мәселені шешу, шешім қабылдау, жұмыс тәсіліне қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сауаттылықты игеру, өмір және мансаптық дизайнды құрыстыра білуі, жеке адамдар мен қоғамдағы жауапкершілік (мәдениетті мойындау және жауап беру) және коммуникация құралдарын қолдана алуын жатқызады.

Бағдарлама барысында XXI ғасыр дағдыларын игеруге бағытталған заманауи интерактивті оқыту әдіс-тәсілдеріне қатысты жаттығулар мен тренингтер өткізіліп, осы саладағы алдыңғы тәжірибелері бар мамандардың практикалық сабақтарымен олардың жетістіктері таныстырылды. Тағылымдама нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан барлық қатысушыларға бітіру сертификаты тапсырылды.

www.kaznu.kz