ҚазҰУ-да «Ізгілікті қоғам жолында: университеттердің әлеуметтік-гуманитарлық орталықтарының қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті қосу» (USRN) атты әлеуметтік жауапкершілік жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары өтуде.
Семинарды ашқан әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы «Бүгінде университет тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық хабында және халықаралық жобаларда белсенді қызмет ететінін атап өткен жөн. Олардың ішінде ҚазҰУ ұсынған инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделі бар. Онда төрт миссия біріктірілген: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік. Осы тұрғыда заманауи жоғары оқу орындарының міндеті тек білікті мамандар даярлаумен шектелмей, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікпен толығуы тиіс», - деді.
USRN қызметі заманауи өркениеттің болашағы үшін ЖОО-лардың әлеуметтік жауапкершілігін орындауда мүше-университеттердің тиімді өзара әрекеттесу тұғырнамасын құруға бағытталған.
Қазіргі таңда әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда ЖОО-лардың да атқарар рөлі зор. Университеттер білім беру қызметі және ғылыми зерттемелер түрінде қоғамдық игіліктерді құрып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлық ережесінің қайнар көзі дейді семинарға қатысушылар. Аталған семинар ертең де жалғасын табады.
www.kaznu.kz