Жаңалықтар

ҰҒЗТО өкілдері келді

15.09.2019

ҚазҰУ-дың жерді қашықтықтан зондтау орталығында екіжақты ынтымақтастықтағы ғарыштық зерттеулер саласындағы жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын дамыту мақсатында Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының (ҰҒЗТО) делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейту әлеуетін, сондай-ақ ғылыми және білім беру саласындағы екіжақты серіктестіктің одан әрі мүмкіндіктерін талқылады.

Басқарма төрағасы Шыңғыс Омаров бастаған делегация жерді қашықтықтан зондтау орталығында болып, онда виртуальды жерді қашықтықтан зондтау станциясы (SATSEE), ГАЖ платформасымен, (SUPERMAP GIS 9D) наносателлиттерді жобалау бойынша студенттік конструкторлық бюро (AlFarabi-1, AlFarabi-2) және робототехника зертханасының жұмысымен танысты.

Кездесу бағдарламасы аясында ғарыштық зерттеулер саласындағы қазіргі және алдағы ынтымақтастық және олардың нәтижелерін және жаңа ғарыштық технологияларды ұлттық экономикаға енгізу мәселелері талқыланды.

Делегациялардың жетекшілері: «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы - Шыңғыс Омаров, ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов екі ұйымның және тұтастай елдің мүдделеріне сай білім беру процестерін дамыту туралы пікір алмасты.

SatSee виртуалды қабылдау станциясымен таныстырған жерді қашықтан зондтау орталығының директоры Сахариев Б.С. қытайлық қашықтықтан зондтау спутниктерінен қашықтықтан зондтау деректерін және географиялық ақпаратты модельдеу мен талдаудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін заманауи SuperMap GIS 9D бағдарламасын қамтамасыз етуді ұсынды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осы ГАЖ платформасын біздің елімізде сауда өкілдіктері туралы келісімге қол қойды.

Университеттің технологиялық паркін дамыту бағыттары және 1600 Teraflops дейін есептеу қуаттылығы бар суперкомпьютердің алдағы уақыттағы қондырғылары таныстырылды. Сарапшылар болашақта ғылыми, техникалық және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

www.kaznu.kz