- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Адам саудасымен күрес жүргізуге арналған халықаралық конференция өтті
11.12.201010 желтоқсанда халықаралық азаматтық құқық күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Құл иеленушілік және құл саудасымен халықаралық-құқықтық күрес жүргізудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта конференция ұйымдастырылды.
Адам саудасы ерте заманда пайда болған алғашқы қызмет түрі. Ол толықтай саудагердің меншігі болып саналады. Бас бостандығынан айырылып, күштеп қара жұмысқа салынған азамат саудагерге бағынышты, әрі олардың сыртқы бейнесінде белгі болады.
Адам саудасы 90 жылдардың басында пайда болды. КСРО құлап, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің шетелдік ірі мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктері ашылды. Шетелге іс-сапармен бару, қызметке тұру шаралары кеңінен жүзеге асты. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша соңғы екі жыл ішінде адам саудасымен күрес жүргізу істері көбейген. Алматының өзінде 87 мың адам заң бұзған.
Конференцияда Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттерде, халықаралық және діни ұйымдарда адам саудасымен күрес жүргізу шаралары талқыланды. Конференцияға профессор, академик, заң ғылымдарының докторы Салахаддин Сәбикенов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Сайлаубек Әлібеков, заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық құқық кафедрасының доценті Светлана Сылкина және факультеттің оқытушы-профессорлары, үлгілі, озат студентері де қатысты. Ең бірінші тақырыпқа арнайы дайындалған бейнебаян көрсетілді. «Батыс Европадағы әйелдер мен балалар сатылымымен күресу» докладында Салахаддин Сәбикенов көптеген статистикалық мәліметтер, өмірде орын алған оқиғалардан мысалға келтірді. Жиынның басты мақсаты қоғам назарын адам саудасы проблемасына аудару, ақпараттық, әлеуметтік тұрғыдан насихат жұмыстарын жүргізе отырып, жастардың өзін-өзі қорғау сауаттылығын арттыру қаралды. Бұл мәселе төңірегінде шешімін таппаған сұрақтар өте көп, бұл құл иеленушілік және құл саудасы қайдан шықты осы орайда студенттер ақпаратпен толық таныс болсын, қарсы күресуге дайын болуы тиіс деген пікірлер айтылды. Сайлаубек Әлібеков өз сөзінде «біздің республикамыздың шекарасы заңмен бекітілгені бәрімізге белгілі, болашақта әсіресе бүгінгі таңда орын алып отырған жас қыздарымыз бен бала сатылымы болмасын десек, кеден, шекара саласы жұмысы қатаң қадағалауды күшейтсе, қарсы күресте бірлесе қызмет атқарылса» деген ойын ортаға салды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі