Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен университеттердің жаһандық саммитінен Иран Ислам Республикасы университтеттері де шет қалмады. Саммит жұмысына Гилян университетінің (Иран) ректоры доктор Ахмад Рази, Аламе Табатабаи университетінің (Иран) ректоры доктор Хосейн Салими мырзалар қатысты.
Мәртебелі қонақтар саммит жұмысы аясында ирантанушы мамандар дайындап отырған ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қонақта болды. Факультет деканы Ыхтияр Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П. Сүлейменовпен және ирантану бөлімінің оқытушылар құрамымен кездесіп, болашақ әріптестік жобалар туралы сөз қозғады. Атап айтар болсақ, Гилян университеті екі апталық тіл жетілдіру курстарына иран бөлімі студенттерін қабылдауға әзір екендіктерін мәлімдеп, оқытушылар арасындағы алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға ұсыныс жасады.
Айта кетерлігі, саммит барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гилян университеті арасында өзара ынтымақтастық қатынастар туралы меморандумға қол қойылды.
www.kaznu.kz