Жаңалықтар

Біртұтастық – бір қадам !

20.09.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаһандық саммит аясында тұрақты даму, климат өзгерістерін басқару және осы саладағы озық тәжірибелер талқыланды.

ҚазҰУ-дың дүниежүзі бойынша мойындалған және беделді халықаралық QS рейтинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған QS World Wide «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбындағы әлемдік конференция мен көрмесі аясында көптеген жаһандық мәселелер талқыланып, шешу жолдары көрсетілді. Солардың бірі Тұрақты даму, климат өзгерістерін басқару және осы саладағы озық тәжірибелерімен шетелдік университеттер өкілдері бөлісті. Атап айтар болсақ, тұрақты регионалдық даму үшін әлеуетті құрудағы университеттердің рөлі, университеттер тұрақты даму өзгерістерінің агенттері ретінде: біздің студенттер мен қоршаған ортаға қатысты міндеттемелер балансы және де Қытайда қауымдастықтар негізіндегі тұрақты қала құрылысының инновациялық үлгісі атты тақырыптал кеңінен қозғалды.

ҚХР Пекин педагогикалық университетінен келген Кван Жанг студенттерді жаһанда орын алып жатқан климаттық өзгерістердің адамзатқа қаншалықты зиянды екенін тәжірибелер арқылы көрсетіп. Сонымен қатар бірлесіп шешу жолдарын іздестіру керек, өйткені біртұтастық әлемдік кері өзгерістердің алдын-алудағы нақты қадам екендігін ерекше атап өтті.

www.kaznu.kz