2019 жылдың 16 қыркүйегінде QS халықаралық конференциясы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты (BKMISD) және Йенсей университеті жанындағы Жаһандық өзара байланыс және құқықтар мен мүмкіндіктерді дамыту институты (IGEE) арасында кездесу өтті.
Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры және Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры, профессор М. М. Бүркітбаев құттықтау сөзімен ашып, институттың білім, ғылым және халықаралық серіктестігі салаларындағы жетістіктері жайында баяндады.
Өз кезегінде, Йенсей университетіндегі IGEE тобының жетекшісі, профессор Сонг Донг Ву мен әлеуметтік интеграция және Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму орталығының үйлестірушісі Чанг Хонг Ли мырза халықаралық институттардың қазіргі таңдағы қызметі туралы ақпар берді.
Талқылау барысында институт қызметкерлері жыл сайын өткізілетін халықаралық GEEF Сеул-2020 форумының пленарлық сессиясын бірге ұйымдастыру туралы ұсыныстарын жеткізді.
Кездесудің соңында тараптар жағы бағдарламаларды берлесіп жүзеге асыру туралы келісімге келді. Сондай-ақ IGEE- профессорларының қатысуымен шығарылған ғылыми мақалалардың екінші жинағын шығару мәселесі де шешілді.
www.kaznu.kz