ҚазҰУ-дың спорт кешенінде механика кафедрасының 85-жылдығына орай «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорттық сайысы өткізілді. Шараны механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Динара Туралина ұйымдастырды.
Спорттық жарысқа барлығы 200-ге жуық студенттер мен магистранттар, докторанттар және куратор-эдвайзерлер қатысты. Жарыс футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс сынды спорт түрлері бойынша өтті. Тартысты жарысқа футболдан 3 команда, волейболдан 8 команда, теннисте 23 студент, шахматта 8 студент, тоғызқұмалақта 10 студент, арқан тартысқа 4 команда шайқасқа түсті. Механика кафедрасының 2 курс магистранттары спорт жарысында төрешілік етіп, жарыстың тартысты өтуіне тікелей ат салысты. Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Механика кафедрасы
www.kaznu.kz