30 қазаннан 11 қарашаға дейін ЖАОК орталығы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мамандарына арналған «Жаппай ашық онлайн-курстар: дайындау, алға жылжыту және қолдану» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Негізгі мақсат – оқытушыларға авторлық онлайн курстарды әзірлеуге, оны енгізуге және үйретуге арналған. Оқыту барысында қатысушылар педагогикалық сценарийді жасап, ЖАОК орталығының мамандандырылған студиясында бейнекамера алдында жұмыс істеуді, видео дәрістерді монтаждауды және платформада курс құрылымын құруды үйренді. «ЖАОК дайындау» курсының қашықтан оқу бөлігін тыңдаушылар онлайн режимінде өтті. Біліктілікті арттыру курсына Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандары қатысып, нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.
www.kaznu.kz