- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Отандық ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасы
24.09.2008Жақында ғана ел Үкіметі отандық ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасын «құптаған» болатын. Оның жүзеге асрылуы Қазақстанның осы саладағы көшбасшылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жапонияның атомдық энергия Агенттігінің директоры Хидеаки Йокомизо университет ректоры Б.Т. Жұмағұловпен кездесті.
Бұл Жапонияның атом саласындағы ғалымдарының еліміздің жетекші университетіне алғашқы сапары, кездесу барысында шетелдік қонақтардың мұндай байланыстарға мүдделі екендіктері аңғарылып тұрды. Жапонияның атом энергиясы басшысының айтуынша, бүгінгі әңгіме танысу сипатында болғанымен, олар өз тарапынан Қазақстанның ең беделді университетімен берік ынтымақтастық орнатуға ниет етіп отыр. Сонымен қатар ол бүгінгі күні әлемде атом энергетикасын дамыту кең көлемде жүзеге асырылуда, ал бұл дегеніміз - қазақстандық және жапондық энергетиктердің экономикалық және ғылым саласындағы байланыстарына кең мүмкіндіктер ашатындығын жеткізді.
- Біздің бірінші кезекте шешу керек мәселеміз - кәсіби білікті мамандар. Осы саланы жетік білетін мамандар ғана атом технологияларын енгізуді қамтамасыз етіп, құрал-жабдықтарды қолданысқа түсіреді. Сондықтан біз бұл мәселені шешуге көмектесетін жоғары оқу орындарын дұрыс таңдауға үлкен мән береміз. Біз осы елдегі әріптестерімізбен, тіпті үкіметтегілермен кездесу барысында бір ғана жоғары оқу орнын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атағанына куә болдық. Сондықтан біздің таңдауымыздың басқа баламасы жоқ,- деп ризашылығын білдірді Хидиаки Йокомизо.
ҚР ҰҒА мен Халықаралық инженерлік академиясының академигі Бақытжан Жұмағұлов шетелдік қонақтардың бастамасын қолдайтынын айтып, университет өз тарапынан алдағы ынтымақтастықтың барлық аспектілері мен болашағын зерделейтіндігін жеткізді. Келесі қадам - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның атом энергетикасы Агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұл жоғары оқу орнының шынымен де мемлекеттік қана емес, әлемдік деңгейдегі міндеттерді шешуге қабілетті ең ірі ғылыми, білім беру орталығы деген шетелдік қонақтар пікірін растады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (247-05-67)