Жаңалықтар

Керемет нәтижелер

19.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласында студенттер арасында өткен «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауының жүлделерін жеңіп алды.

«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауын «Ақ жол» партиясының ұйымдастырды. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы, Дүние жүзі, тарихнама және деректану кафедрасының студенттері қатысып, руспубликадағы ондаған жоғары оқу орындарынан қатысқан жүздеген студенттерінің арасынан алға шықты. Студенттер университет қабырғасында алған білімдерімен барлығын мойындатып, үш номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.

«Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы» номинациясы бойынша 4 курс студенті Бағлан Әбеу әділқазылар алқасының шешімімен I орынға лайықты деп танылды, «Ұлы Дала жетістіктерін зерделеудегі Алаштың рухани мұрасының орны» номинациясы бойынша 3 курс студенті Рамазан Әбілдос II орынды, ал «Алаш ұстанымы және бүгінгі ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелері» номинациясы бойынша 3 курс студенті Сәрсен Башембаев III орынды иемденді. Қазақстан тарихы, Дүние жүзі, тарихнама және деректану кафедрасының студенттері өздері оқып жатқан университеттің қаншалықты сапалы білім беретінін республикалық байқауда көрсетіп, ұстаздарының абыройын асырды.

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері мен профессор-оқытушы құрамын жетістіктерімен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz

 

www.kaznu.kz