Жаңалықтар

Педагогика мәселелері талқыланады

19.01.2011

8 ақпан күні философия және саясаттану факультетінде «Классикалық және зерттеу университеттеріндегі педагогика: қазіргі жaй-күйі, тенденциялары мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл шара жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік классикалық және зерттеу университеттеріндегіқалыптасқанбіліктілік әлеуетінанықтайды. Соңдықтан да, сапалы білім стратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады. Осындай мәселелердің түйінін тарқататындөңгелекүстел жұмысынжалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., доцент Әйгерім Мыңбаева жүргізеді. Шараның негізгі мақсаты ағымдағы білім беру жағдайындағы педагогика ғылымының дамукөкжиектерін анықтау әрі кәсіби шеберлікті меңгеру және қалыптасқан педагогикалық стратегияларды бағалау. Міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды:

  1. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жағдайындағы классикалық және зерттеу университеттерінің рөлдерін талқылау;
  2. Жоғары оқу орындары арасындағы білім және педагогикалық инновациялар бойынша тәжірибе алмасуына әрекеттесу;
  3. Классикалық және зерттеу университеттеріндегі педагогиканың қазіргі жағдайын бағалау;
  4. Ұсыныстарды іске асыру тетіктері мен олардың даму жолдарынталқылау.

Жиынға түрлі университет, академия, институт, педагогикалық ұжым өкілдері, білім берусаласы менғылыми-әдістемелік орталық мамандары, ғалымдар, магистранттар және студенттер қатысады.

Бас қосуда баяндалатын еңбектер негізінде арнайы жинақ басылып шығады.Ғылыми шығармаларды Алматы қ., Амангелді к., 61, ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіне (412 ауд.) тапсыруға болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі