Жаңалықтар

Жаһандық көші-қон кинофестивалі өтті

23.12.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық мигранттар күніне арналған жаһандық көші-қон кинофестивалі өтті. Бұл кинофестивальді халықаралық миграция ұйымы (БҰҰ) тарапынан БҰҰ Глобалды Коммуникация Департаменті мен ҚазҰУ-дың қолдауымен ұйымдастырылды.

Аталған шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев құттықтау сөзімен аша отырып, жаһандық көші-қон кинофестивалінің әлем бойынша төрт жылдан бері өткізіліп келе жатқандыығын және бүгінде Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын атап кетті.

Кинофестивальдің маңыздылығы – ол әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын адамдардың түйткілдері мен мұң-мұқтажын, талап-тілектерін нақты көрсетуінде. Мигранттардың жайсыз жағдайы мен тұрақсыз ахуалына бей-жай қарай алмайтын көрермендерге жаһандық деңгейде не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Фестивальде ұсынған Грегуар Госсеттің «Бір жақты билет» атты фильмінде екі кейіпкердің бастан кешірген тауқыметін тарқату арқылы, жаһандық мигранттар қозғалысының түп себебі мен оған қатысты қиындықтар көрермендерге бұлтартпастан көрсетілген

Іс-шараға халықаралық миграция ұйымының Орталық Азиядағы миссия жетекшісі Зейнал Гаджиев мырза, Алматы қаласындағы халықаралық миграция ұйымы орталығының басшысы Виктория Касабян ханым, Болгария Республикасының Қазақстандағы елшісі Миладин Миладинов мырза және Германия мемлекетінің Алматы қаласындағы жаңа елшісі Кристиана Маркерт ханым төбе көрсетті.

Шараға қатысқан студенттер мен магистранттар шара ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.

 

www.kaznu.kz