Жаңалықтар

Геодезия саласындағы ынтымақтастықты дамытамыз

21.12.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен «Германия және Қазақстан арасында Геодезия және Геоинформатика саласындағы ынтымақтастықты дамыту» атты жиынға қатыысушылар өзекті ғылыми проблемаларды зерттеудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Ғылыми тәжірибе алмасу жиынына Бойт атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің, ҚарМТУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оөытушылары қатысты. Профессорлар Вернер Стемпфхубер, Борис Резник қатысушыларға Германия, Африка, Австралия аумағындағы инженерлік құрылыстардың мониторингі саласында жүргізілген зерттеулер туралы және табиғатты қорғау және баламалы энергетика саласында ГАЖ технологияларды қолдану туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан тарапынан ҚарМТУ профессоры Долгоносов В. Н., жасанды интеллект және BIG DATA кафедрасының меңгерушісі сөз сөйледі. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры М.Е.Мансурова PhD докторы Е.Х.Какимжанов, сондай-ақ докторанттар мен студенттер өз ойларын айтты.

Геодезия мамандығының докторанты А.Сатбергенова ГНСС антенналардың фазалық орталығының зерттеу нәтижелерін, ал Геоинформатика мамандығының докторанты Рахымбай З. - Инженерлік - геологиялық ізденістер деректерін басқару үшін веб-қосымшаларды әзірлеу әдістерімен таныстырды. ҚарМТУ-дың Геодезия және картография мамандығының студенттері Павел Гроссул, Виктория Елдышева, Наталья Филиоглова "Техногенді құрылыстардың жағдайына мониторинг жүргізу үшін сандық аэрофотототүсіру және лазерлік сканерлеу" тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстел соңында Бойт атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің (Берлин, Германия) өкілдері ГАЖ технологиялар және мониторинг саласында "Шығыс Еуропамен ынтымақтастық" ДААД-жобасына бірлескен өтінім беруді ұсынды.

www.kaznu.kz