Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт алаңдарында қаңтардың 6-11 жұлдыздары аралығында 48-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтеді. Бұл жарыстарға университеттің оқытушылары, докторанттары мен қызметкерлері қатысады.
Спартакиадаға қатысушылар Жас ғалымдар үйінде үстел теннисінен, Спорт кешенінде банминтоннан, шахмат клубында тоғызқұмалақтан қызу тартысқа түсіп, жарыстың жеңімпазы атануға күш салуда. Бұлардан басқа волейбол, мини-футбол, шахмат ойындарына қатысып жылдамдық, ептілік, ой ұшқырлығы жағынан күш сынасамын дегендерге спартакиада есігі ашық.
Спортшыларға табыс тілейміз!
www.kaznu.kz