- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жоғары оқу орындары мен бизнестің интеграциясы
21.01.2020Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Erasmus+ "ENINEDU – жаңа әлеуметтік ортаның жағдайына сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту" жобасының импакт-мониторингі өтті.
ҚазҰУ ауқымды жоба аясындағы басты оқиғалар мен бастамалардың үйлестірушісі болды. Оның мақсаттар мен міндеттер аясына жоғары оқу орындары мен бизнестің серіктестігі бойынша халықаралық бағдарламалардың ноу-хауы мен әдістерін алға жылжыту, тәжірибе алмасу, кәсіпорындармен ынтымақтастықта жұмыс істейтін қызметкерлердің құзыретін құру және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу кірді. Жоба 2016 жылы басталды және қазіргі уақытта аяқталуға жақын.
Жобаға серіктес жоғары оқу орындары ретінде Сантьяго де Компостела университеті (Испания), Ницца-София Антиполис университеті (Франция), Шопрон Университеті (Венгрия), Афина Экономика және Бизнес университеті (Греция), Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Самара мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей) және И. С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті қатысты.
Жобаны іске асыруға жұмыс берушілер де - қазақстандық және халықаралық компаниялардың өкілдері белсенді қатысты: ID-Group, ВТБ банк, БанкЦентрКредит, KZI-банк, Air Astana, UP-Consulting, АХҚО, Al-Saqr Finance, Қазақстанның Жібек жолы.
Белсенді және жемісті жұмыс істеген жылдары жобаға қатысушылар біраз жұмысты тындырды. Жобаның ҚазҰУ тарапынан үйлестірушісі, Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ақнұр Жидебекқызы нақты нәтижелер туралы баяндады. Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасбулатова жұмыстың тиімділігін бағалап, сәйкесінше сараптамалық баға берді.
Жоба шеңберінде ЕО елдеріндегі эталондық ұлттық заңнама негізінде аналитикалық зерттеулер жүргізілді, Ресей мен Қазақстанның ұлттық заңнамасына SWOT-талдау жасалды, сондай-ақ университеттер мен бизнес-ортаның ынтымақтастығы саласындағы еуропалық серіктес-жоғары оқу орындарының тәжірибесі зерттелді.
Шетелдік әріптестермен өзара қарым-қатынас, пікір алмасу барысында ұлттық деңгейде (РОӘК) мультипликациялық тәжірибе процесі іске қосылды, «жоғары оқу орындары мен бизнес-сектор ынтымақтастықтығының жүйелік тәжірибе стандарты" әзірленді, стандартты қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, университеттер мен бизнес-ортаның өзара іс-әрекетін салықтық ынталандыру жөнінде Қаржы Министрлігіне арналған аналитикалық жазба әзірленді.
Ең бастысы-жоғары білім беру орындарының бизнес-сектормен интеграциясын күшейту бойынша нақты қадамдар жасалды, қазір жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен сұраныстары бойынша деректер тәжірибе жүзінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуде пайдалынылуда. Тәжірибелік бизнес-кейстерді академиялық ортаға жіберу мүмкіндігі пайда болды, жас мамандардың бизнес-ортаға бейімделу жылдамдығы артты. Бұл үдерістер жастардың жұмыссыздығының қысқаруына ықпал ете отырып, қарқын алуда.