25 ақпанда ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ким Герман Николайұлының жетекшілігімен "Жаңа Корей соғысы болуы мүмкін бе?" атты дәрісі өтті.
2010 жылы әлемдік бірлестіктері Корей түбегіндегі мәселеге ерекше көңіл бөлген болатын. Осы тақырып аясында Герман Ким ҚазҰУ студенттерімен бас қоса отырып, Корей түбегіндегі мемлекеттер басшыларының позициялары хақында бірқатар пайымдарын ортаға салды.
Дәріске корейтану кафедрасының "Син Сэде" ғылыми үйірмесінің, ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қазақтың менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) студенттері, Д.В. Мен және Г.В. Кан сияқты қазақстандық ғалымдар қатысты. БАҚ өкілдерінен "Коре ильбо" республикалық корей газеті және «Central Asia Monitor» қоғамдық-саяси газеті, «Қазақ радиосы» қолдау көрсетті.
Корейтану кафедрасы