Жаңалықтар

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына старт берілді

27.01.2020

29 қаңтар 2020 жылы Алматы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімінің басталуы болады. ЮНЕСКО қамқоршылығымен халықаралық ауқымда кеңінен аталып өтетін әл-Фарабидің мерейтойлық жылы әлемнің 40-тан аса елінен қонақтардың басын қосады.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысады.

Сағат 10.00-де қонақтарға Кітапхана - Әл-Фараби Орталығы таныстырылады, онда ғұлама ойшылға арналған мұражай экспозияцияларымен танысады, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар қойылған көрмені, Қазақстан Тұңғыш Президентіне, Абай және Алаш қозғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын аралайды. Кітапханада сонымен қатар мәдениет саласы бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы мемлекеттік шәкіртақысын ресми табыс ету рәсімі өтеді.

Түстен кейін сағат 14.30-да шара қатысушылары әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қояды, содан кейін Студенттер сарайында әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімінің басталуы болады, соңы мерекелік концертпен қорытындыланады.

www.kaznu.kz

Бағдарлама. Әл-Фараби жылының ашылуы_каз (003).pdf