Жаңалықтар

Батырлық мәңгі есте

10-ақп-20

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында «Біздің тарихымыз» атты әскери-тарихи викторина өтті.

Викторинаның мақсаты – еліміздің бай тарихын, әсіресе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңін насихаттауға бағытталған.

Әрбір жасөспірім ата-бабаларымыз бен батырларымыз қан төгіп шайқасқан, оның ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің арқасында бүгінгі күні Қазақстанымыз өркендеп жатқанын жете түсінуі тиіс.  Әскери тарихымызды білуді қалайтындар үшін әскери кафедра есігі әрқашан айқара ашық - дейді әскери кафедра қызметкерлері.

Қазақстанның фашизмді жеңуге қосқан үлесіне ерекше назар аударылған викторинаға студенттер мен оқытушылар қатысты. Викторина бағдарламасына соғыс жылдарындағы фильмдер мен кинохроникалардан үзінділер, соғыс туралы әндер, майдангер ақындарының өлеңдері, сондай-ақ біздің батырлық тарихымыз туралы әр түрлі қызыққа толы сұрақтар енгізілді. 

www.kaznu.kz