ҚазҰУ студенттері «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» жобасы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Білім ордасындағы жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері университетте білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына тегін апарды. Бұл бастаманы театр ұжымы да қолдай кетті.
Студент жастар алдымен театр алдында челленджге жиналып, флеш-моб ұйымдастырды. «Бұл біздің волонтерлік қозғалысты дамытуға, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, нақты бір адамдарға көмек көрсетуге және әртүрлі әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге қосқан тамшыдай болса да үлесіміз», - деді челленджге қатысушылар. Театр залына лық толған жастар бардың қадіріне жетіп, жоқтық орнын толтыруды көздеген жандар жан сарайларын ашып, рухани демалып қайтуға таптырмайтын, көңілді «Олжа» қойылымын тамашалап қайтты.
www.kaznu.kz