Жаңалықтар

Дәуір және тұлға

26.02.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да«Профессор О.А. Сұлтаньяевтің идеялары мен шешімдері: ономастика, уәлихантану, оқулықтану» атты ғылыми семинар өтті. Оны ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы және «Дәуір және Тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасының жетекшілері ( ф.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, ҚХА ҒСК мүшесі М.А. Бөрібаева) ұйымдастырды.

Іс-шара РХДУ (Мәскеу қ.) жалпы және орыс тіл білімі кафедрасы мен орыс және шетел әдебиеті кафедрасының қолдауымен өтті. РХДУ университетінің профессоры В.Н. Денисенко және профессор А.Г. Коваленко онлайн-трансляция арқылы семинар қатысушыларына арналған құттықтау сөз сөйледі.

О.А. Султаньяевтің ғылыми мұрасын семинардың негізгі спикерлері орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.У. Жолдасбекова, ҚХА ҒСК мүшесі, ф.ғ.д., профессор, Н. Ж. Шаймерденова, ф.ғ.к., доцент Д.Б. Аманжолова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, ҚХА ҒСК мүшесі ф.ғ.к., М.А. Бөрібаева таныстырды.

Баяндамада айтылғандай, филология ғылымдарының докторы, профессор О. А. Сұлтаньяев (21.02.1938 – 10.01.2006) өз дәуірі мен мәдениетінің ең үздік ерекшеліктерін бейнелеп,ономастика және сөзжасам, лексикология және фразеология, ономастика және түркология саласындағы тіл білімінің өзекті мәселелерін, орыс және қазақ тілдерін оқыту әдістемесін әзірлеумен айналысты.

Оның жұмысы орыс және қазақ тілдерінің тілдік құбылыстарын зерттеудің диахрондық және синхрондық аспектілеріне, екі тіл мәселелеріне, оның дамуы мен келешегіне арналған. О.А. Султаньяевтың көптеген ғылыми жұмыстары Көкшетау (және барлық аймақтың) топонимдерін этимологиялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеуге арналды. Аймақтың топонимикасын зерттеу ғалымның жалпы ономастиканың теориялық және практикалық мәселелеріне деген тұрақты ғылыми қызығушылығын анықтады.

Ғалымдар атап өткенінде, кезкелген елдің ғылымы мен білімі үшін өткеннің тәжірибесін есепке алудың ерекше маңыздылығы бар, демек, алдыңғы буындағы ғалымдардың еңбектерін зерделеу және ұғыну, өазір және болашақ үшін барлық құндылықты « тарих қыртысында» сақтау қажеттілігі бар.

www.kaznu.kz