- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қазұулықтар Елбасы жолдауын қызу қолдады
01.02.2011ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы 31 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісіндекеңінен талқыланды. Философия және саясаттану факультетінің деканы Ақтолқын Құлсариева жолдауға байланысты арнайы баяндама жасады. Мәжіліс барысында ректорат мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, кезекті Елбасыжолдауы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына тың серпін беретіндігіне тоқталды.
28 қаңтардағы Қазақстан Президентінің кезекті жолдауы қазірде еліміздің түкпір-түкпірінде қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар бұл жолдаудың елдің әлеуметтік бағдарына соны қадамдар жасауға мүмкіндік беретінін айтады. Өз кезегінде жолдауға қолдау көрсету мақсатындаәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдары апта басында Ректорат мәжілісінде бас қосты. ҚазҰУ ғалымдары кезекті жолдау ғалымдардың көптен күткен мәселелеріне нақты жауаптар берді дегенді алға тартады.Ректоратта жолдау туралы басты баяндаманы жасаған Ақтолқын Тұрлыханқызы:
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдау тақырыбының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деп аталуыөте орынды. Расында, осы Жолдауда Елбасы атап өткендей, біз үшін ерекше қастерлі жыл - тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймай жетуіміз қазақ еліндегі бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың жемісі. Тек осы қасиетті үштіктің арқасында ғана болашақ іргесі бірге қаланатындығы анық.Биылғы жолдаудыңәлеуметтік жаңаруға бағытталған негізгі саяси қадамдарға бастайтындығы байқалады. Әлеуметтік жаңару – ел жаңаруы, ал ел жаңаруы біздер мен сіздерден басталары сөзсіз. Ендеше, «ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін» деген ұлт көшбасшысымен бірге алдағы биік мақсаттарға бірлесе жету үшін бар жан жалынымызды аямай қызмет етейік! – деп ортаға жалынды үндеу тастады.
Сондай-ақ, заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдинов"Елбасы атаған екі үздік жоғарғы оқу орнының бірі біз болуымыз керек. Осығануниверситет оқытушылары белсенділік танытады деп сенемін" деді. Ал профессор Сейфолла Сапанов «Жолдаудағы Елбасы сөзінде иллюзия жоқ. Елдегі индустриялық-инновациялық стратегиялар нақтыланды. Осыған орай, кадр мәселесі де қаралды. Ең бастысы, сапалы білім беруді арттыру мен халық денсаулығына ерекше көңіл бөлінуі керек екендігін атап айтты», - деп жолдаудың өзіне ұнаған тұстарын саясаттанушы ретінде тізбелеп, кеңінен тарқатып берді.
- Өздеріңізге белгілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдау арқылы жоғарғы оқу орындары жұмысын жандандыруға байланысты біраз тапсырмалар берді. Оның негізгісіЕлбасы атаған әлемдік рейтингке кіретін екі жоғарғы оқу орнының бірі болу – біздің басты міндетіміз болмақ. Бұл бағытта Президент қойған жоғарғы оқу орындарыныңинновациялық қызметтің 5 пайызына иелік етуі, ғылыми-зерттеу нәтижелерінің өндіріске енгізілуі,30 пайызы халықаралық стандартқа сәйкес аккредитациядан өту қажеттігі секілді тапсырмалар басым бағдаршамымыз ретінде қаралатын болады. Біз Елбасы жолдауында көрсетілгенміндеттерді іске асыруда бар күш-жігерімізді, біліміміз бентәжірибемізді аямай қызмет ететін боламыз, - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.
P.S. Бұдан өзге Ректорат мәжілісінде заң бөлімі қызметінің мәселелері қаралды. Сондай-ақ, ректор Ғалымқайыр Мұтанов әлем назарын аударып отырған 7-ші қысқы Азия ойындары алау эстафетасының алаугері ҚазҰУ-дың филология факультетінің 1-курс студенті Қуаныш Әбутәліповке Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті Шейх Ахмед Әл-Фахад, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т.Досмұхамбетов, 7-ші қысқы Азия ойындары алау эстафетасы дирекциясының басшысы Н.Нұровтың қолы қойылған арнайы сертификатты табыс етті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі