Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының мемлекет хатшысы доктор Надим Шафик Маликпен кездесу өтті.
Кездесуге деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары С.Джакубаева, кафедра меңгерушісі П.Сулейменов, З.Искакова, А.Тұрар және басқа да оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесуде тараптар Пәкістан мен Қазақстан арасындағы келісім мен де екі ел арасындағы келешектегі қызметтестік үрдіс жайлы көзқарасын білуге мүмкіндік алып, қос мемлекеттің жоғары оқу орындары мен академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.
Факультет деканы Ықтияр Палтөре өз кезегінде Надим Шафик Малик мырзаның келгеніне алғыс білдіріп, мұндай кездесулердің оқу-мәдени тұсымен қатар саясат тұсынан да маңыздылығын атап өтті. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көп жылдарға созылған достық байланыстың ары қарай да жалғаса беретініне сенім білдірді. Кездесуге қатысқан студенттер осы сынды кездесулер жаңа тілді оқып білуде жігер беретінін жеткізді. Қонақтар үшін шығыстану факультетінде Мухаммад Али Джинна атындағы орталықтың ашылғаны, студенттердің урду тілінде өлең жолдарын оқығандығы және бұл тілді өте жақсы меңгергендігі тосын сый болды.
www.kaznu.kz