Жаңалықтар

Академик Ө.А.Жолдасбековты еске алу күні

6-нау-20

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетіндегі У.А. Жолдасбеков атындағы мәжіліс залында академик Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлын еске алу күні өтті.

Шараны механика кафедрасының 85 жылдық мерейтойын мерекелеудің бастамасы ретінде механика кафедрасы ұйымдастырды.

Академик У.А. Жолдасбековты еске алуға Механика және машинатану институтынан шәкірттері, Сәтбаев университетінің профессорлары, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен қонақтар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары, механика кафедрасының профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі академик У.А. Жолдасбеков туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Ғалымды еске алу үшін қонақтар бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Еске алу күні т.ғ.д., профессор А.К.Тулешов, ф.-м.ғ.д, профессор Шерязданов Г.Б., ф.-м.ғ.д, Профессор А.Калтаев, т.ғ.д., профессор Е.С.Темірбеков; ф.-м.ғ.к, ., профессор З. Б. Ракишева Академиктің білімге, ғылымға сіңіргені еңбектерін жоғары бағалап, студенттердің алдында ғалым атаға алғыстарын білдірді.

Механика кафедрасының докторанттары студенттер арасында академик У.А. Жолдасбековтің өміріндегі негізгі күндер мен оқиғаларға қатысты викторина өткізді.

www.kaznu.kz