Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ресей) арасында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы-басқа жоғары оқу орындарына ұқсас жүйелерді енгізу моделі» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мухамбетқали Бүркітбаев, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан Смаилова, ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының директоры Ерлан Қыстаубаев және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Баяндинова С. М. қатысты.
Орталық директоры Сайран Баяндинова «Керемет» орталығының қызметі және оның жұмысының қағидаттары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, орталықты құру, толықтыру, логистика, IT жүйесі және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
www.kaznu.kz