7-9 ақпан күндері «Green Way» жастар бастамасы шеңберінде «Мені өшір!» атты су мен электр энергиясын үнемдеуге арналған акция өтті. Акция барысында су және электр ресурстарын үнемді пайдалануға шақырған жаппай үгіттеу шарасы жүргізілді. «Тірі» электр шамы барлық студенттерге өзін өшіріп жүру керектігін айтып, көпшіліктің назарына ілікті. Ал, «электр шамының» достары, яғни «Green Way» қозғаласының мүшелері су крандарына «Мені өшір!» деген ескертпесі бар қағаздарды алып шықты. Акция барысында орын алған барлық жайттар жастар экологиялық қозғалысының сайтында GreenWay.do.am, толық жарияланды. Бұл шара университетіміздің барлық факультеттерін қамтыды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі