- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ еріктілері қоғам өміріне белсенді түрде қатысып келеді
09.02.2011Ел тәуеліздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген 2011 жыл ең айтулы дүбірлі дода - VII қысқы Азия ойындарын өткізумен басталды. Көне Азия құрлығын ғана емес, әлем назарын өзіне аударған бұл мереке де бір күндей болмай өте шықты. «Еуразия жүрегіне айналған елордамыз - Астанда жағылған Азияда алауымен қимай қоштастық», - дейді ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Меңдігүл Ноғайбаева.
Біздің пікірімізше Азияданың тағылымды нәтижелерінің бірі ретінде - ең алдымен ел жастарының арасындағы еріктілер қозғалысының жандануын атап айтумыз қажет. Мерейлі мерекені өткізуге Алматы қаласынан ғана 2400 еріктілер тартылған екен. Оған ҚазҰУ-дан 300 студент еріктілер қатарына қосылды. Олар қазақ, орыс, ағылшын, қытай, корей, жапон, араб, парсы тілдерін қатар меңгерген талантты жастар. ҚазҰУ еріктілері әр елдің, соның ішінде әдеп пен салт-дәстүрді құрмет тұтатын шығыс елдерінің дипломатиясынан хабардар екендігін шетелдік қонақтар мен спортшыларға, журналистер мен қызметкерлерге көрсеткен көмегінен байқалды. Сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік тарапынан берілген қызметтерді атқарды. ҚазҰҰ-дың атақты «Бақыт» би-ансамблі және имижд тобының сұлу бойжеткендері Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен салтанатты жабылу рәсіміне өз үлесін қосты.
Негізінде қазұлықтар мемлекеттің қоғамдық, саяси оқиғаларынан алыс қалмай, барынша белсенді түрде атсалысуға бар күш-жігерін қосып келеді. Әлемдік тәжірбиеде көкірек көзі ашық әр азамат қоғам өмірінде болып жатқан маңызды оқиғаларға араласып, әлеуметтік жауапкершілігін сезінгендіктен оның дамуына үлес қосады. Шетелдік тәжірибемен салыстырсақ, еріктілер қозғалысы біздің елімізде аса кенжелеп қалғандығын байқаймыз. Осы орайда Азияда еріктілер қозғалысының спорттық бағытын жандандыруда зор үлесі тиді. Ал, қазұулықтар тек спорт қана емес, басқа салалардағы да еріктілер қозғалысын жандандырып келеді. Мәселен, үстіміздегі жылдан бастап, университетіміздегі студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының бастамасымен еріктілер қозғалысын құру туралы үлкен жоба қолға алынып, жұмысын сәтті бастап кетті. Жоба бағдарламасына сәйкес еріктілер көмегіне мұқтаж әлеуметтік нысандардың сұраныстарына мониторинг жасалып, оларға қажет бағыттағы жұмыс ерекшелігі бойынша қызмет көрсете білетін еріктілер тобын құру және оқыту жұмыстары орындалуда. Осыған орай қазіргі таңда қазұлықтардан құрылған 500-ден аса еріктілердің бір тобы сабақтарынан бос уақыттарында ата-анасы жоқ қиын отбасынан шыққан жасөспірімдерді өмірге бейімдеу орталықтарында, екіншілері ауыр дертке шалдыққан немесе мүгедек балалар мен жасөспірімдерге, үшіншілері түрлі онкологиялық дертке шалдыққан жандарға көмек көрсету бағытында қызмет жасауда. Олар бұл жұмысты өздерінің азаматтық парызымыз деп есептейді. Қоғам мүшелерінің өмірі түрлі жайттараға байланысты екіге жарылмауы тиіс. ҚазҰУ жастары толеранттылықты қоғам мүшелерінің шығу тегіне, ұлтына, әлеуметік жағдайына қарамастан өзара түсінушілік пен әркез көмек қолын соза білу қасиеті деп түсінеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі