Жаңалықтар

Білім саласындағы серіктестік туралы келісім-шартқа қол қойылды

09.02.2011

8-ші ақпанда ҚазҰУ-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Алматы қалалық аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу Агенттігі арасында "Білім саласындағы серіктестік" туралы келісім-шартқа салтанатты түрде қол қойылды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен Алматы қалалық аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу Агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов қол қойған екіжақты келісім-шарт негізінде қаржылық нарық мәселелерін бірігіп зерттеу, ғылыми мақалалардыбірігіп дайындау, бизнес-тренингтерді, біліктілікті көтеру курстарын, конференцияларды бірлесе ұйымдастыру, сонымен қатар ғылыми-сараптамалық салаларда ақпарат алмасу сияқты мәселелер қарастырылған. Білім саласындағы серіктестік туралы салтанатты іс-шараға ААҚО (РФЦА) басқару құрамының жетекшісі Нұржан Кабиев, экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров, экономикалық зерттеу орталығының директоры Римма Сағиева және факультет профессорлары мен жетекші ғалымдар қатысты.

Бұл серіктестіктің алғашқы бастамасы ретінде жақында экономика және бизнес жоғары мектебінде стратегиялық трансформациялық зерттеу жұмыстарымен айналысатын Экономикалық зерттеу орталығы (ЭЗО) ашылғаны белгілі. ЭЗО қызметінің мақсаты - ғылыми-зерттеу құрылымын функционалды тұрақты дамыту және студенттер мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін коммерциалауды тиімді ұйымдастыру. Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылғандай, ең үздік екі университеттің бірі болу қазіргі таңда ҚазҰУ-дың басты назарында екендігінен хабардар етеді.Қара шаңырақтыҰлттық зерттеу университетіне айналдыру жолында факультеттеЭЗО-ны ашутуралы алғашқы бастамаға ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы мен оқытушы-профессорлар құрамы ректорат мәжілісінде толық қолдау білдірген еді. Сол мәжілісте ғалымдар мен тәжірибелі мамандар бір ауыздан тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде пайда болатын қаржылық мәселені шешу үшін күштерді жұмылдыру қажеттігін айтқан болатын.

Бүгінде мықты синергетикалық тиімділікті отандық және шетелдік қаржы саласындағы тәжірибелі мамандардың өзара әрекеттесуінің артықшылығын пайдалану арқылы ғана алуға болатыны түсінікті жағдай. Осыған орай, салтанатты рәсімде ҚазҰУ ректоры "Зерттеу орталығы жемісті жұмыс атқарып, «студенттік биржа» жасақтасақ, осында үлкен мәдени орталық қалыптасады" деді. Сонымен қатар басшылық, нарыққа қатыса отырып, әр адам мемлекетке көмектесетінін де тілге тиек ете кетті.

Келісім-шартты жүзеге асыру – экономика мен қоғамда көпқырлы мультипликативті әсер беретін табанды еңбек. Сондықтан, серіктестікжұмысына тек оқытушылар ғана емес, қазіргі заманғы қаржы нарығының талаптарына бағытталған ғылыми зерттеулерді орындайтын студенттер мен магистранттар да белсенді түрде тартылуда. Айта кету керек, қазіргі таңда ААҚО (РФЦА) дарынды және еңбекқор 10 студентке инвестициялық пай түрінде шәкіртақы тағайындап үлгерді. Өз кезегінде экономика және бизнес факультетінің деканы Баян Жүндібайқызы бүгінде бұл орталықта үздік студенттер мен оқытушыларАлматы қаласының зейнеткерлеріне ақпараттық кеңес беріп қызмет етіп отырғандығын айта кетті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі