Ө.А. Жолдасбеков атындағы математика бойынша халықаралық зерттеу жұмыстарының байқауы ғылымға бейімі бар дарынды оқушылар арасында өткізіледі. Бұл шара математика саласында білікті де, зерек балаларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш байқау атақты ғалым Өмірбек Жолдасбековтың атына бағышталып, негізін қалаған тұлға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткізілетін болады.
Байқауға республикалық ғылыми жарыстардың облыстық турынан I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған және шетелдік мектептерден ұлттық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жеткендер қатыса алады.
Үздік зерттеу жұмыстары ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң I, II және III дәрежелік дипломымен және Ө. Жолдасбеков атындағы сыйақысымен марапатталады.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы математика бойынша халықаралық зерттеу жұмыстарының байқауы «әл-Фараби» Олимпиядасына тең мүмкіндікке ие болып отыр. Сондықтан бұл байқаудың жеңімпаздары мемлекеттік оқу грантын алуға мүмкіндіктері бар.
Мансап секторы