Жаңалықтар

Ғылыми семинар ағылшын тілінде

14.02.2011

2011 жылдың 11 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұқаш Мырзабайұлы Бүркітбаев химия факультетінің дәстүрлі ғылыми семинарында «Radioecological condition in the territory of Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама ағылшын тілінде жасалды және профессор ғылыми-көпшілік тілде Қазақстан Республикасының ядролық сынақтары мен уран кеніштерінің қазіргі кездегі экологиялық жай-күйімен таныстырды. Таныстырылымда НАТО-ның «Ғылым бейбітшілік үшін» халықаралық гранттары бойынша Ұлыбритания, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ғалымдарымен бірге орындалған радиоэкологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсетілді. Студенттер мен қызметкерлер ядролық сынақтар мен уран кен орындарын игерудің қауіпті салдары туралы өте қызықты және пайдалы ақпарат алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі