- Негізгі бет
- Жаңалықтар
"ӘЛ-ФАРАБИ - 2011" ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛМАҚ
14.02.2011Жақын күндері ҚР білім және ғылым Министрлігі менәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірігіп өткізетін «әл-Фараби Олимпиадасы» атты жылдық мега-жоба басталады. Жобаның мақсаты - сапалы жоғары білімнің әр қазақстандық оқушыға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Оның барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан дарынды жастарына қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында пәндер бойынша олимпиада өткізеді.
"Әл-Фараби Олимпиадасы" 2009 жылы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойы қарсаңында басталған болатын. Сол кезден бері 30000-ға жуық оқушы олимпиадаға қатысып, 8700-ден астам жеңімпаз бен жүлдегер "ҚазҰУ студенті" дегенүздік мәртебеге ие болды.Өткенжылы "әл-Фараби Олимпиадасына" қатысушылардың рекордтық саны тіркелді. Ұйымдастыру комитеті 14000-нан астамөтініш қабылдады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Ең үлкен қатысушылар саны физика, математика және биология пәндерінен тіркелген. Әрине, бұл физика, математика ғылымдарына деген сұраныстың артуына байланысты. Өйткені, нанотехнология, IT және инновациялық экономика ғасырында математикалық білімніңталап етілетіні барлығына белгілі. Айта кету керек, Олимпиадаға қатысуда ңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарының орта мектеп оқушыларының қызығушылығы өте жоғары. Сонымен қатар, осы аймақтардан қатысушылардың молдығымен қатар, олардың арасынан жеңімпаздар да көптеп шығып келеді.
20 ақпаннан бастау алатын биылғы мега-жоба кезіндеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең үздік оқытушы-профессорлары дарынды жастарға ҚазҰУ-дың студенті болуға мүмкіндік беру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына іссапарға шығады. Онда ҚазҰУ Олимпиадасының ұйымдастырушылары ҚР-дағы барлық білім Басқармаларымен, Олимпиада өтетін мектептермен ынтымақтаса жұмыс істейді. Қазірде "әл-Фараби Олимпиадасы" оқушылардың республикалық олимпиадасы тізіміне енгізілген. Ең басы артықшылығы,оның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚазҰУ-да тегін оқуға жәнеконкурстан тыс грант алуға мүмкіншілік береді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі