Жаңалықтар

ҚазҰУ-да республикалық конференция өтеді

15.02.2011

16 ақпан күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, Алматы қалалық ардегерлер кеңесі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Қазіргі заман жастарына рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.Шара Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген интеллектуалды ұлт қалыптастыруда білім және ғылым саласын дамыту жолдарын талқылауға арналып отыр.

Республикалық конференцияғаҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласы ардагерлер кеңесі, ЖОО, орта мектеп өкілдеріжәне ҚР Парламентінің депутаттары қатысады. Пленарлық мәжілісте жастар саясатын қолдау, жоғары және ортабілім ордаларында рухани, адамгершілік, патриоттық тәлім-тәрбие берудің маңызын дәріптейтін баяндамалар оқылады.

Сондай-ақ, ҚазҰУ Интернет орталығында жастар жобасының тұсаукесер рәсімі өтеді. Оның негізгі тақырыптары "ҚазҰУ – Қазақстанның «Green кампусы», "Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға жәрдем көрсету мақсатында еріктілер жұмысын ұйымдастыру", "Болон үдерісінің жұмысы жөніндегі студенттік бюролардың қызметі" секілді бүгінгі заман талабындағы бағыттарды қамтымақ. Республикалық маңызды жиынҚазҰУ студенттерініңдайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі