Жаңалықтар

Биологтар тәжірибемен бөлісуде

17.04.2020

Карантин жағдайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология кафедрасының оқытушылары қашықтықтан білім беру технологиялары мен стримингтік оқытуды белсенді қолдануда. Олар өз тәжірибесімен Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен бөлісуде.

Кафедра меңгерушісі Аида Қыстаубаеваның пікірінше, университеттегі IT инфрақұрылымы, «Univer» жүйесі, сондай-ақ «Moodle», «edX» МООС платформалары   қашықтықтан оқытуға кедергісіз әрі жедел өтуге мүмкіндік берді. Оқытушылар қысқа уақыт ішінде дәрістер контентін, семинарлық және зертханалық сабақтарды қашықтықтан өтетін форматқа бейімдеп, өздерінің жоғары IT құзыреттілігін көрсете білді. Сабақ қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтеді. Кесте өзгеріссіз қалды.

Оқу үдерісі «Zoom», «Microsoft teams», «Google meet» және т.б. сияқты әртүрлі платформалардың көмегімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, биотехнология кафедрасының оқытушылары тек стриминг жүйесінде ғана емес, сонымен қатар чат сабақтары, білім беру ойындары, «Kahoot» қосымшасындағы диалогтық тренажерлер, анимациялық инфографиканы қолданатын интерактивті сабақтар өткізеді.

Бүгінгі күні бұқаралық ашық онлайн курстарға деген сұраныс артты. «Биотехнология негіздері» онлайн курстарынан 239 тыңдаушы оқудан өтті. А. Кистаубаева хабарлағанындай, жақын арада «edX» платформасына микробиология, биохимия және экологиялық биотехнология бойынша алдағы оқу жылына арналған бірқатар бейне сабақтарды жазу жоспарлануда. Осы бейне-сабақтарға арналған контентті оқытушылар әзірлеп жатыр. Қазіргі таңда биология және биотехнология факультетінде молекулалық биология, биофизика және зоология бойынша «Coursera» және «edX» платформаларына арналған дәрістер жазылуда.

www.kaznu.kz