ҚазҰУ-да студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында бизнес-инкубаторларының үздік инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті.
Қатысушылардың ғылыми жұмыстары бойынша онлайн баяндамаларын тыңдау нәтижелері бойынша тоғыз жоба авторы жеңімпаз атанды. Олар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады. Атап айтқанда, бірінші дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлық «Натрий гипохлориті негізінде антисептиктер өндірісі (шектеулі шикізат ресурстары жағдайында)» жоба авторлары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің студенттері Алена Стародубцева мен Радмира Шиянова табыс етіледі.
Ал физика-техникалық, механика-математика, тарих, археология және этнология, филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология факультеттерінің және экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері екінші және үшінші дәрежелі диплом иегерлері сәйкесінше атанып, сонымен қатар оларға ақшалай сыйлықтар беріледі.
www.kaznu.kz