Жаңалықтар

Атқарылған ғылыми қызметтер – ҚазҰУ-ды ұлттық зерттеу университетіне жақындатты

22.02.2011

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2010 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары және зерттеу университетіндегі ғылыми-инновациялық құрамның артуы туралы Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың және комиссия төрағасы Г.А.Мунның ақпарлары тыңдалды.

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.С.Рамазановтың есебінен белгілі болғандай, 2010 жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары 76 халықаралық жобаның жүзеге асуына қатысты. Шет елде өтілімге барған университет қызметкерлері санының өсу үрдісі байқалуда. Ғылыми зерттеу жұмыстары 13 факультетте, 9 ғылыми-зерттеу институттарында, физика-химиялық талдау және зерттеу әдістері орталығында, ғылыми-технологиялық паркте, ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханада, 24 ғылыми орталықтарда сондай-ақ ұйымдармен кәсіпорындармен іргелі, қолданбалы, қатерлік, салалық, шаруашылық келісімшарт жұмыстарының ғылыми жоба бағдарламалары аясында жүргізілуде. Сондай-ақ, есеп беру жылында жарияланған монографиялар, оқулықтар, оқу-құралдарының саны өскен. Баспадан шығарылған әдістемелік құралдардың саны да едәуір артқан. Сонымен бірге университеттің зияткерлік әлеуетін көтерудің бірден-бір мақсаты – рейтингісі жоғары басылымдарда ғалымдардың еңбектерінің жариялануы екендігін ескерсек бұл сала бойынша да жоғары импакт–факторлы журналарда жарияланған басылымдар саны өткен жылғымен салыстырғанда ұлғайған. Ғылым кеңістігін жетілдіруде атқарылған бірнеше игі істерді таразылай келе, ҚазҰУ-дың ғылыми зерттеу қызметінің дами түскендігін тілге тиек еткен проректор университет қызметінің 2011 жылғы негізгі бағыты ұлттық зерттеу университеті дәрежесін алуға бағытталған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу екендігін баяндады.

Ғылыми кеңес мүшелері Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Т.С. Рамазановтың «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2010 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары және зерттеу университетінде ғылыми-инновациялық құрамның артуы туралы», сонымен қатар комиссия төрағасы Г.А.Мунның баяндамаларын тыңдап және талқылай келе, Ғылыми кеңес есеп беру жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-ағарту саясаты классикалық университеттің халықаралық деңгейдегі ұлттық зерттеу университетіне айналдыруға бағытталғандығын атап көрсетті. Осыған байланысты ғылым мен білімнің ықпалдасуын нығайту, сонымен қатар осының негізінде бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулер жүргізу университет жұмысының басты бағыттарына айналды.

P.S. Сонымен қатар Ғылыми кеңесте ҚРПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және ҚРПрезиденті «НұрОтан» ХДП 13съезінде сөйлеген сөзінің аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бірінші проректор М.М.Бүркітбаевтың ақпарыменЭкономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Е.А.Анның Университеттің 2010 жылғы қаржылық-шаруашылық жағдайы жөнінде ақпары тыңдалды. Бұл есептік баяндамалар ҚазҰУ ұжымының алдағы уақытта атқаратын міндеттерін тағы бір айқындай түсті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі