Жаңалықтар

Азияның үздік студенттеріне тағайындалған шәкіртақы

17.10.2008

2008 жылдың 15 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне POSKO TJ Park (Оңтүстік Корея) қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті.

ПОСКО компаниясы - әлемдегі ең ірі Оңтүстік Кореяның металлургиялық және құрыш өндіруші концерні. Бұл концерн өз елінде және шетелде ғылым, білім және мәдениетті қолдау бағдарламаларына демеушілік көрсету үшін компанияның негізін қалаушы Тай Джун Пак атындағы қор құрған болатын. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап қор Азия елдерінің үздік студенттерін шәкіртақылармен ынталандыру мақсатында арнайы білім бағдарламаларын тағайындайды. 

Тай Джун Пак атындағы ПОСКО қоры әлеуметтік салаларды қамтиды. Осы  ұйымның жетекшілігімен жалпы 14 қарапайым, орта және жоғарғы мектептердің негізі қаланды. Ұйымның басқа бастамалары білім беру стипендияларының бағадарламасын, аймақтық мемлекеттерде мәдениет орталықтары мен гимназиялар ашуды және қызметкерлерге әлеуметтік қызмет жүргізуді қамтиды.

      2004 жылдың қазанында ПОСКО қорының директорлар Кеңесінің шешімімен академиялық, мәдени және әлеуметтік ұйымдарға қолдау көрсету, ғылыми қызметкердің стипендиясын енгізу, қоғамдық марапаттау сынды әртүрлі бағдамаларды дамытуға арналған қосымша қаржылар бөлінді. Бұл - болашақ көшбасшыларды қолдау, азиялық елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың негізгі стратегиясы.

      Рәсімнің ашылу салтанаты ҚазҰУ-ның проректоры З.А. Мансұров пен ПОСКО қорының бағдарламалық менеджері Хуго Бэнің келісім-шартқа қол қоюымен басталды. ПОСКО Қорының жыл сайынғы қорытындысы бойынша биыл Қазақ ұлттық университетінің 20 үздік студенттері шәкіртақыға ие болды.

     Студенттерге шәкіртақы берілгеннен кейін ПОСКО қоры туралы қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Хуго Бэ ҚазҰУ-дың студенттерін Оңтүстік Корея елінде магистратура мен докторантураны бітіруге шақырды. Профессорларға тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктері барын айтты. Осыған орай ПОСКО қоры арнайы гранттар бөлген екен.  Оқыту жүйесі Кореяның сегіз университетінде өтеді. ПОСКО қоры 25 университетпен қызметтес және Азия аймағындағы 500 студентке қолдау көрсетеді.

     Қазақстан бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана ПОСКО қорымен қарым-қатынасты нығайтып келеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

(727) 247-05-67