- Негізгі бет
- Жаңалықтар
100 жылдық мерейтойға арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
23.02.2011100 жылдық мерейтойға арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
24 ақпан, сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистиа факультетінде (230 аудитория) Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің негізін салушы Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойына арналған Х.Н.Бекхожин туралы кітаптың тұсаукесері өтеді.
Тұсаукесер Қазақстан журналистер Академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті және Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы кафедрасының ұйтқы болуымен жүзеге асады.
Х.Н.Бекхожин туралы кітап университет басшылығымен бекітілген «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шығып отырған екінші басылым болып табылады.
Х.Н.Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, Қазақстан журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дің журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде редактор болып еңбек етті. 1945 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін ҚазҰУ-дің большевиктік баспасөз теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы, осы жылдың 1-маусымынан факультет деканы, 1948-1976 жылдар аралығында журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі және профессоры болды.
Қ.Н.Бекхожин – Ұлттық баспасөзіміздің тарихы бойынша тұңғыш кандидаттық және докторлық диссертациялар жазды. Докторлық диссертациясын 1964 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиясы бойынша даярлап, ғылыми баяндама түрінде қорғады.
Қ.Н.Бекхожиннің ХІХ ғасырдың басында жарық көрген тұңғыш журнал «Айқап» туралы жазылған зерттеу еңбегі - кеңес дәуіріндегі ғылымға қосылған үлкен жетістіктердің бірі.
Бұл күндері Қ.Н.Бекхожиннің бастамасымен 1948 жылы құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика тарихы кафедрасының құрылғанына 63 жыл толып отыр. Кафедра 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Бұқаралық коммуникацияның тарихы мен теориясы деп аталуын өзгертті.
Х.Н.Бекхожин туралы кітап университет басшылығымен бекітілген «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шығып отырған екінші басылым болып табылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі