Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультетінде «Ашық есік күні» өтті

24.02.2011

2011 жылдың 17 ақпанында халықаралық қатынастар факультеті «Ашық есік күнін» өткізді. Оған Алматы қаласы мен Алматы облысының 25 мектебінен 120 жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

«Ашық есік күнінде» факультет басшылары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар сөз сөйлеп, әр кафедра мамандықтар бойынша сол мамандықтарға түсу шарттары мен оқу жайы және оқуды аяқтаған соң жұмысқа тұру мүмкіндіктері жайлы өз презентациясын көрсетіп, таныстырды. Аталған іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге «Қазақстан аймақтанушылары одағы», «Талейран», «М.И.Р. НАТО» клубтарының студенттері белсенді үлес қосты.

Жоғарғы сынып оқушыларының біразы кездесуге сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен келді. Кездесу барысында оқушылар грантқа қалай түсуге болатыны, әскери кафедра туралы, оқыту әдістері, сондай–ақ студенттерге арналған іс-шаралар туралы сұрақтарына толық жауап алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі