- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Химик күні
31.05.2020Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті өзінің кәсіби мерекесі – химик күнін 30 мамырда 59-шы рет атап өтті. Дәстүрлі түрде бұл күні факультетті әр жылдары тәмәмдаған түлектері бас қосты. Бұл мереке әрдайым жылулыққа толы, себебі түлектер өздерінің шулы студенттік жылдарын, достарын, сүйікті оқытушыларын еске алады. Бұл дәстүр біздің университеттің басқа да факультеттерін қызықтырғаны кездейсоқ емес, 2011 жылдан бастап ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың бастамасымен мамыр айының соңғы сенбісінде бүкіл университет «Түлектер Күнін» атап өтуде.
Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан көптеген түлектер «Альма-матерге» кездесуге келе алмады. Алайда мереке дәстүрлі емес онлайн - түрінде өтті. Кездесу Zoom платформасының негізінде ұйымдастырылды, онда факультеттің 100-ге жуық майталманы, көрнекті химиктер, түлектер мен мерейтой иелері қауышты. Қалған көрермендер Facebook-тегі факультет парақшасында онлайн-трансляцияны көруге мүмкіндік алды. Трансляция кезінде 1000-нан астам көрермен тіркелген, ал екі күн ішінде бейне посты 5500-ден астам адам көрді. Сонымен қатар, іс-шараның төрт сағаттық бейнежазбасы «Химик күнін» ұйымдастырушысы болған аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының YouTube каналына жүктелген. Жан-жақтан келген құттықтау, естелік видеожазбалар әр кафедраның әлеуметтік желілері арқылы да жарияланды.
Іс-шараға әр түрлі қалалар мен елдерден химиктер қатысты, ұйымдастырушыларға түлектер – мерейтой иелерінен, табысты химиктерден - мемлекеттік құрылымдар өкілдерінен, ғылыми қоғамдастықтан, бизнес-қауымдастықтарынан, Қазақстанның серіктес университеттердің өкілдерінен, алыс жақын шетелдерден 20-дан астам бейне құттықтаулар келді. Олардың арасында экс министр К. Шамшидинова, университет меценаттары З. Катранова, А. Жарменов және басқалар болды. Мерейтой иелерінен өздеріне ұстаз болған барлық оқытушы-профессорлардың сол кездегі суреттерін қолданып, студенттік кездегі көптеген суреттерін, қазіргі кездегі өмірлерін баяндай отырып керемет бейнебаяндар жасаған. Тек қана мерейтойлық курстар ғана емес, сонымен қатар басқа да түлектер әлемнің әр бұрышынан виртуалды құттықтаулар мен бейнебаяндар жасады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық ұрпақ мерекесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтановтың құттықтау сөзімен ашылды.
Жүргізушілер Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚазМУ-дың 1981 жылғы заң факультетінің түлегі Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің құттықтауын жолдады. Өз сөзінде ол меценаттардың қатысуымен Қауымдастықтың жаңа табысты жобаларын атап өтіп, барлық түлектерді мерекемен құттықтап, оларға кәсіби қызметте табыс тіледі.
Ресми құттықтау эстафетасын химия және химиялық технология факультетінің деканы Хайдар Сулейманович Тасибеков қабылдады. Іс-шараның қатысушыларымен онлайн-көрермендері факультеттің соңғы жетістіктері туралы, химиктердің жыл сайын университет бітіргеннен кейін мамыр айының соңында кездесіп отыру дәстүрі туралы ақпарат алды. Ең жас көрермендер жыл сайын химик күніне Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің тиісті элементі берілетінін білді. Мысалы, биыл мереке 59 элемент – празеодима эмблемасымен өтті.
Түлектер шеруін атақты ғалым, педагог, аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі болған (1971-1993 ж.), 1950 жылдың түлегі (университетті 70 жыл бұрын бітірген), химия ғылымдарының докторы, профессор Александра Ивановна Зебрева бастады. Ол өз естеліктерімен бөлісіп, химиктер күнімен құттықтады. Қазір ол Қарағандыда тұрып жатса да, алғыс білдірген оқушылар мен әріптестер оған үлкен раушан гүлін беру мүмкіндігін тапты.
Барлық 14 мерейтойлық бейнебаяндар ұсынылды, әр курс өз дарындарымен – өлең және әндерімен таң қалдырды. Кейбір бейне құттықтаулар нағыз «жауһарлар» болды. Олардың барлығы Фейсбуктағы факультет парақшасында көру үшін қол жетімді. "Мерейтой иелері" ғана емес қатысып отырған көптеген түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерімен және өз факультеті мен оқытушылары туралы жылы пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мереке барысында химия және химиялық технология факультетінің 85 жылдығына арналған фильм, университет жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара аясында факультет түлектері қауымдастығының кездесуі өтті. Кездесуге 23 адам қатысты. Кездесу барысында университет, факультет жетістігін сөз ете отырып Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Қауымдастығының «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндік» жобасын талқылады. Қатысушылар бұл бастамаға жоғары баға беріп, қолдайтындығын білдірді. Және осы бастаманың аясында алдағы оқу жылы факультетпен тығыз байланыста болып жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.
Химиктер күні университетіміздің әйгілі түлектерінің орындауында түлектердің әнұранына айналған «Армандастар» әнін бірге шырқап, қыймастықпен қоштасты.
Конференция ұйымдастырушылары алғыс білдірген көрермендерден көптеген оң пікірлер келіп жатыр. Мерекелік іс-шарадан кейінде факультеттің WhatSaap желісіне жылы лебіздерін білдірген көптеген видеоқұттықтаулар, алғыс сөздер жазылып жатты. «YouTube» - тағы бейнежазбаны қайталап көріп әлі де сағыныштарын баса алмай жатқандарын жеткізуде. Передают что Осындай іс-шараларды өткізудің онлайн – форматы әлемнің әр түкпірінен факультет түлектері айтулы мереке «Химиктер күніне» қатыса алуына мүмкіндік жасап өте көп көрермен аудиториясын тарту мүмкіндігіне ие болды. 59-шы «Химиктер күні-2020» жоғары дәрежеде өтті!