Жаңалықтар

Кітаптың онлайн форматтағы тұсаукесері

30.06.2020

1 шілде күні сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» кітабының онлайн-тұсаукесері өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Конституциялық Кеңес және Нұрсұлтан Назарбаев қоры.

Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде басылып шықты.

Басылымда Елбасының басшылығымен Республика Конституциясын жазу, елімізде конституциялық құндылықтарды одан әрі бекіту және дамыту процесі жан-жақты сипатталған. Елбасының серіктестері Республиканың Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен жаңа қазақстандық мемлекеттілікті нығайту жолындағы тарихи кезеңдер мен жетістіктер туралы өз пікірлерімен бөліседі. Кітап Ұлт Көшбасшысының сөйлеген сөздерінен, конституциялық саясаттың негізгі бағыттары талқыланған мемлекеттік органдардың отырыстарынан және өзге де дискуссиялық алаңдардан жинақталған практикалық материалдарды да қамтыды.

Кітап конституциялық құрылыстың қазақстандық тәжірибесін зерттейтін жаңа ұрпақ саясаткерлеріне, тарихшы-ғалымдарға және заңгерлерге арналған.

Презентацияға you-tube арнасы арқылы қатысуға болады: https://youtu.be/-IMEfgSX6FI.

Конституциялық Кеңестің сайтында тікелей трансляция қолжетімді болады.