Жаңалықтар

Жапонтану кафедрасындағы елші сағаты

02.03.2011

Жақында жапонтану кафедрасының оқытушылары, магистрант және студенттері Қазақстандағы Жапония елшлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Масахиро Катамото мырзамен кездесті. Катамото мырза өз сөзінде Жапонияның сыртқы саясаты, соның ішінде Орта Азия мемлекеттеріне қатысты сыртқы саясатындағы бағыттары жайлы сөз қозғап, Жапония-Қазақстан қарым-қатынасын саралап, болашақта да ары қарай дамитынына сенім білдірді. Қазақстандағы жапон тілінің дамуына жапон қоры, Жапонияның білім және ғылым министрлігі оқытушылардың, студенттердің белгілі оқу орындарында, тіл орталықтарында тіл ұстарту тәжірибелерінен өту үшін көптеген гранттар бөлініп жатыр деп баса айтты Катамото мырза. Сонымен қатар, Катамото мырза жапон тілін оқитын студенттерге біраз ақыл-кеңес беріп, жапон компаниясына жұмысқа тұру үшін жапон тілінен 1 деңгейді (шет елдіктерге арналған жапон тілінің деңгейін анықтайтын емтихан) игеру керек және жапондықтармен жұмыс істей білу өте маңызды, яғни олардың мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ерекшеліктерін жете меңгеру қажет. Сөз соңында Катамото мырза біздің еліміз жайлы өз пікірін білдіріп, екі елдің - үлкендерге құрмет көрсету, қонақжайлығы өте ұқсас екенін айтты.

Катамото Масахиро мырза оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесудің ресми бөлімі біткеннен кейін жапонтану кафедрасының студенттері кішігірім концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Студенттер қазақ, жапон тілдерінде ән айтылып, ұлттық билер орындалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі