- Негізгі бет
- Жаңалықтар
КазНУ - UNAI: 75 минуттық диалог
27.07.2020БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын басқарушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «мақсатқа жету үшін экологиялық таза қалалар және академиялық топтардың экономикалық шешімдері» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шараға UNEP (БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) пен UNIDO-ның (өнеркәсіптік даму бойынша) белгілі сарапшылары мен әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аталған шараға қатысқан жалғыз қазақстандық жоғары оқу орны. Университет ректоры Ғалым Мұтанов конференцияға қатысушыларды қарсы алып, БҰҰ өкілдерін мерейтой жылымен құттықтап, жоғары оқу орнының осы ұйыммен жемісті ынтымақтастығын атап өтті. Негізгі спикер ретінде ол тұрақты даму бойынша БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабын қатарынан төртінші рет басқарып отырған университеттің табысты қызметі туралы айтты. Бұл бағыттағы университеттің белсенді жұмысының нәтижесі БҰҰ-ның VIII Бас хатшысының қатысуымен ҚазҰУ-да Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының ашылуы болды. Өз сөзінде ол сонымен бірге ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары, БҰҰ және шетелдік серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы әңгімеледі. «АІ – Farabi University Smart City» ғылыми-инновациялық жобасы мен БҰҰ штаб-пәтерінде таныстырылып, табысты тәжірибе ретінде әлемнің жоғары оқу орындары арасында таратуға ұсынылған жаңа буын ЖОО-ның даму моделі – «Университет 4.0» UNAI-дың жоғары бағасына ие болды.
Ғ.Мұтанов университет бүгінгі таңда әлем университеттерінің кампустарын Жасыл экономика және «Smart Universities in the center of Smart Cities» орталықтарына айналдыру бойынша «Green Bridge for Green Campus» сынды серпінді инновациялық жобаларды енгізуде екендігін атап өтті. Смарт қалаларды дамытудың жеке концепциясын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында ҚазҰУ қалалық қоғамдастықтардың заманауи мәселелерін шешудің жаңа жолдарын іздеуге бағытталған «АІ-Farabi University Smart City» бірегей ғылыми-инновациялық жобасын іске асыруды бастады.
Университет ғалымдары мен шетелдік серіктестердің қалалардың тұрақты дамуы саласындағы зерттеулерінің аса маңызды нәтижелерін жалпылау мақсатында 2019 жылы «Smart Cities on the Silk Road: International experience of Sustainable Development of Cities» (Жібек жолындағы ақылды қалалар: қалалардың тұрақты дамуы бойынша халықаралық тәжірибе) монографиясы шығарылды. Онда болашақта айналаның кеңістікте ұйымдастырылуының барынша өзгеру ықтималдығын ескере отырып, «Smart» қалаларды дамыту тұжырымдамасына бірегей ғылыми-негізделген тәсілдер мен пайымдау көрсетілген.
Онлайн-конференция барысында қатысушылар қоғамды дамытудың өзекті мәселелері мен қоршаған ортаға әсер етуі, адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде қалаларды дамытудың жаһандық стратегиясын енгізу, сондай-ақ COVID-19 таралуының алдын алу және дағдарыстан кейінгі кезеңде әлемдік экономиканы қалпына келтіру бойынша шараларды қарастырды. Іс-шара жемісті талқылаумен және пікір алмасумен аяқталды.