Жаңалықтар

Антика және ислам әлемінің идеяларын біріктіру

7-қаз-20

ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150-жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және қазіргі заманғы адамзат үшін маңыздылығын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи мәселелеріне арналған «Science Talks» форматындағы онлайн шаралар сериясын жалғастыруда.

«Al-FarabiScienceTalks» белгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен фарабитанушылар қатысады.

8 қазан күні сағат 17.00-де (Нұр – Сұлтан уақыты бойынша) «Әбу Насыр әл-Фараби-өркениет философы» I сериясы аясында «Антика және ислам әлемі идеяларының бірлестігі» онлайн-вебинары өтеді.

Кездесуге Таяу Шығыс тарихы және Исламдық зерттеулер бойынша профессор, араб және семиттік зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің діндерді зерттеу орталығының директоры Симеон Евстатиев (Болгария), филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Самал Тулеубаева (Қазақстан) қатысады.

Онлайн шараның модераторы ретінде ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің деканы, професор Әлия Масалимова сөз сөйлейді.

«Al-FarabiScienceTalks» онлайн шарасы ZOOM платформасында өтеді. Идентификаторы – 84358972691, пароль-858404.

www.kaznu.kz