Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері POSCO Asia Fellowship иегерлері

9-қаз-20

Биылғы жылы POSCO Asia Fellowship халықаралық корпорациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  10 студентін стипендиямен марапаттады.  

Жыл сайынғы шәкіртақы байқауы биылғы жылы 14-ші рет өткізілді. Байқауға 2, 3 және 4 курста ақылы бөлімде оқитын бакалавриат студенттері қатысты. Стипендиаттарды іріктеуді корпорация эссе және сұхбат түрінде жүргізді. POSCO корпорациясының шешімі бойынша журналистика, экономика және бизнес жоғары мектебі, шығыстану, халықаралық қатынастар, филология және әлем тілдері факультеттері және қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ең үздік 10 студенті 2020-2021 оқу жылына стипендия алады.

Студенттерді POSCO Asia Fellowship шәкіртақысын алумен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz