Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді

16.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті және Алматы қаласы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарына қол қойды.

 Кешенді жоспар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Н.М. Сапаровтың төрағалығымен өткен диалогтық кездесу барысында талқылауға ұсынылып, оның жұмысына ректорлар қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Ғ. М. Мұтанов, Абай атындағы ҚазҰПУ – Т.О. Балықбаев, ҚазҰПУ – Г. Т. Алдамбергенова, АЭжБУ – С. С. Сағынтаева және басқалары.

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің ұсынымын ескере отырып, кеңейтілген, егжей-тегжейлі жоспар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Г.М. Мұтанов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Н.М. Сапаров бекіткен болатын.

Жоспардың негізгі тармақтарының бірі – ISO 37001-16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеп және оны жұмысқа енгізу, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қаражатты пайдалану жөніндегі есебін ашық жария ету.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында оның құрамына оқушыларды, студенттерді, ата-аналарды, демеушілерді, жұмыс берушілерді және үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде енгізе отырып, әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (кеңес) құру ұсынылады.

Бұдан әрі студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін әлеуметтік зерттеу (сауалнама) жүргізу қажет.

 «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің әдістемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сараптаманы қатыстыру мүмкіндігімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау міндеті айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және әлеуметтік жұмыс – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі, оның мақсаты университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. Еліміздің жетекші жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, профилактикасы және тәуекелдерін төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде қызметтің барлық бағыттары бойынша ашықтықты және бақылауды қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар кешені енгізілуде.

Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап енгізілетін бірқатар нормативтік құжаттар әзірленді – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты»; «Сыйлықтар мен өкілдік шығыстар туралы ереже», «Мүдделер қақтығысын шешу саясаты»; «Еңбек шартына және білім беру қызметтері туралы шартқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау туралы қосымша келісім». Алқалы органдар мүшелерінің қағидаттары мен жауапкершілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сараптама мен құқық қолданудың қоғамдық мониторингі рәсімін көздейтін «Корпоративтік басқару кодексін» енгізуге дайындалуда. Қазіргі уақытта ISO370001- МСПК енгізуге дайындық жүргізілуде.

 

 

www.kaznu.kz