Жаңалықтар

Конкурсқа қатысушылармен сұхбат

26.10.2020

Нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге конкурстық іріктеуге қатысушыларды тестілеуден сәтті өткен үміткерлермен сұхбаттасу басталғаны туралы хабардар етеміз.

Сұхбаттасу әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің сайтында (www.kaznu.kz), сонымен қатар Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық Ғылыми-зерттеу институтының сайтында (www.niis.kz) жарияланған кестеге сәйкес бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілетін болады.

Кестеге сәйкес әрбір үміткерге сұхбаттасудан өту үшін белгілі бір уақыт бөлінгеніне назар аударамыз. Белгіленген күн мен уақытта сілтеме немесе конференция идентификаторы және қол жеткізу коды бойынша өтіп, бейнеконференцбайланысқа қосылу қажет.

Конференцияға кірген кезде үміткер "күту залында" болады және «Please wait, the meeting host will let you in soon» жазуы бар экранды көреді. Алдыңғы сұхбаттасу аяқталғаннан кейін үміткер конкурстық комиссия мүшелерімен конференцияға қосылады. Сұхбаттасу күні мен уақытын ауыстыру рәсімі көзделмеген.

Сұхбаттасудың мақсаты үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады. Осыған байланысты сұхбаттасу барысында үміткерге бейінді сұрақтар, сондай-ақ ситуациялық есептер беріледі. Интервью беру әрбір үміткермен жеке жүзеге асырылады және техникалық жазба құралдарының көмегімен жазып алынады. Сарапшыларды іріктеу процесінің ашықтығы мақсатында үміткерлермен сұхбаттасу Facebook, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін болады. 

Сұхбаттасу кезінде:

- жеке басты куәландыратын құжат;

- дербес компьютер, ноутбук, смартфон немесе қосылған веб-камерасы, микрофоны, тұрақты интернет жылдамдығы бар өзге де құрылғы болуы қажет екенін еске саламыз.

Сұхбаттасу басталар алдында үміткер жеке басын идентификациялаудан өтеді.

Сұхбаттасу өткізудің кестесі.doc