Жаңалықтар

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың цифрлық еріктілері

29-қаз-20

Қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚББ) – бұл бүгінгі күннің шындығы. Цифрлық білім беру технологияларын меңгеруге, диджитал-кеңістікті түсінуге кім көмектеседі? Әрине әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың цифрлық еріктілері.

Соңғы алты айда студенттер мен оқытушылардың өмірі онлайнға көшті. Бірақ диджитал кеңістікті түсіну әрдайым оңай бола бермейді. Мұндай жағдайда кім көмектеседі? Олар сандық еріктілер ҚазҰУ-дың студенттері мен магистранттары білім алушыларға, оқытушыларға сандық білім беру ресурстарын және қашықтықтан оқыту технологияларын (ҚББ) игеруге көмектеседі.

Сандық еріктілер қашықтықтан оқыту үдерісіне ақпараттық және техникалық қолдау көрсетеді.

Еріктілер сізге:
• техникалық мәселелер бойынша;
• тренинг, семинар, біліктілікті арттыру курсын өткізуге;
• университеттің студенттеріне жаңа сандық білім беру құралдары, ресурстарының мақсаттары, міндеттері туралы хабардар етуге көмектеседі.

Сандық еріктілерден қалай кеңес алуға болады? www.kaznu.kz: Қашықтықтан білім беру > > Цифрлық менторлар штабы > > Цифрлық еріктілер.

www.kaznu.kz