Жаңалықтар

Жаһандық Оңтүстік елдеріндегі урбанизация мәселелері

05.11.2020

Дүниежүзілік қалалар күніне орай COMSATS климат және тұрақты даму орталығы (CCCS) Танзанияның өнеркәсіптік зерттеулер мен әзірлемелер ұйымымен (TIRDO) бірлесіп «Жаһандық Оңтүстікте жылдам даму және урбанизация мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді, оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «COMSATS» беделді халықаралық үкіметаралық ұйымының (оңтүстікте тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен технологиялар жөніндегі Комиссия) мүшесі болған ТМД-ның жалғыз жоғары оқу орны.

БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған Дүниежүзілік қалалар күнінің мақсаты халықаралық қоғамдастықтың назарын урбанизация мәселелеріне аудару және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында қалалар проблемаларын шешуде елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.

ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары қатысқан «Жаһандық Оңтүстікте жылдам даму және урбанизация мәселелері» тақырыбындағы вебинар жаһандық Оңтүстік елдерінің алдында тұрған урбандалудың негізгі мәселелеріне арналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ nұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Еділбаевтың «Қала-көлік экологиясының мәселелері» атты баяндамасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Вебинарға жаһандық Оңтүстік елдерінің сарапшылары қатысты. Өз баяндамаларында олар тұрақты даму, урбанизация мәселелерін шешу жолдарын, денсаулық сақтау, таза ауыз суға қол жеткізу, дренаждық жүйенің нашарлығы, ауаның және қоршаған ортаның ластануы, қатты қалдықтарды басқару, көмірқышқыл газының шығарындылары сияқты салалардағы жобалар мен шешімдерді ұсынды.

 

www.kaznu.kz